ЗОБАЛАҢ ЖЫЛДАР ЗАРДАБЫ
Аудандық мәдениет үйінде «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай салтанатты шара ұйымдастырылып, оған ардагерлер, халық қалаулылары, мекеме басшылары мен қызметкерлер қатысты.
Елбасының Жарлығымен тарих күнтізбесіне бұл күн саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Жыл сайын осы күні ел тәуелсіздігі үшін күрескен ұлтымыздың біртуар, аяулы ұл-қыздарына, жазықсыз жапа шеккен құрбандарды еске алу шарасы өткізіліп, құрмет көрсетіледі. Жалпы, деректерге жүгінер болсақ, 1929 жылдан бастап 1953 жылға дейін Кеңес елінде 40 миллион адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғалардан төрт жарым миллиондай Қазақстан азаматы зардап шекті.
1920-30-жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тек Қазақстанда 25 мыңға жуық адам түрмеге қамау, ату сияқты қатал жазаға кесілген. Халқымыздың аяулы перзенттері Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Ораз Жандосов, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Темірбек Жүргенов және тағы басқа мыңдаған жанның өмірі дәл осы жылдары қиылды. Қазақтың осы бір қасиетті жерінде 4 мыңнан аса озбыр саясат құрбаны мәңгілікке көз жұмды. Олардың барлығы халқымыздың біртуар, маңдай алды, озық ойлы азаматы еді.
Нәубетті жылдары қазақ халқының 40 пайыздан астамы аштықтан қырылды. Осының салдарынан көптеген адам туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Сол кездері Сырдария мен Тереңөзек ауданынан 401 адам қамауға алынып, 91 адам жазықсыз атылған.
Жиында боздақтарды үнсіздікпен еске алғаннан кейін аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов баяндама жасады.
– Біздің халқымыздың сан ғасырлық талайлы тағдырында сәулелі сәттер де, қасіретті кезеңдер де аз болған жоқ, – деді Ерлан Дәуітбекұлы өз сөзінде. – Солардың бірі жазықсыз жапа шеккен құрбандар санын құрғақ статистикалық деректермен жеткізуге келмейтін тоталитаризм кезеңі болды. Бұл ретте, жекелеген адамдардың тағдыры ғана емес, тұтас халықтың тағдыры таразы басына тартылғаны белгілі. Міне, осындай қиын кезеңдердің соңы жақсылықпен жалғасты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 17 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңы бүкілхалықтық қолдау тапты. Жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған, азаматтық құқық пен адами қасиеттері аяққа тапталған жандарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіру жолын анықтап берді, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Тәуелсіздік жылдарынан кейін 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азамат ақталды. Осының негізінде академик Манаш Қозыбаевтың «Қасірет кітабы», облыста 146 мың күнәсіз жазғырылған отандастың есімі жазылған «Аза» кітабы жарыққа шықты. Кітапқа аймақ бойынша жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшырап сотталған 4500 боздақ енген. Оның 1153-і атылып кеткен.
С.СҰЛТАНҚЫЗЫ

Тоталитаризм құрбандары жерленген жерлерде ескерткіш белгілер орнатылды. Олар жөнінде тарихи деректер жиналды. Елді мекендер мен көшелерге, мектептер мен кітапханаларға саяси құрбандардың есімдері берілді. Осылайша, елін сүйген жазықсыз қудаланған арыстардың есімі мәңгі сақталып, тарих бетінде өшпес із қалдырды.
С.СҰЛТАНҚЫЗЫ