АТАЛАР КӨРГЕН АЗАП
...1930 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап және 25 мың адам ату жазасына кесілді. Ашаршылық нәубатынан ажал құшқандар қаншама. Ал қаза тапқандардан қалғандары басқа елге қоныс аударды. Бұның бәрі сол кезде қазақстанда басшы болған Голощекиннің елге жасаған қиянаты еді. Голощекин мал мен ғана күн көріп отырған байларға, кейін орташаларға, астық екпейтін малшыларға, кедейлерге астық салығын салды. Астықты тауып бере алмағандарды шұбыртып, қаңғыртып жіберді. Содан елде аштық жайлады. Біз бұл күнді «қаралы дата» деп өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Қазіргі әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпау керек.
Ашаршылыққа 85 жыл толды. 1928 жылы саяси қуғын-сүргін репрессия құрбандары мыналар: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Ғаббасов сынды тағы басқа 44 буржуаз-ұлтшыл қамауға және ату жазасына кесілді. 1993 жылы Қазақстанда «жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Оның мақсаты әділдік орнату және зардап шеккендердің шығынын өтеу. Ал 2012 жылы Қазақстан астанасында жаппай саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарына ескерткіш орнатты. Монумент ауыр жылдардағы халықтың шеккен зардабы мен қайғы-қасіретін еске салады.
Дүрия ҚИБАШ,
оқушы