Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҰЛ КҮНДЕР МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЛАДЫ

БҰЛ КҮНДЕР МӘҢГІ ЕСТЕ САҚТАЛАДЫ


31 мамыр қуғын–сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Н.Ілиясов ауылдық кітапханасында
«Тарихымыздың ұрпақ ұмытпайтын тағылымы» атты тарихи кеш өтті.
Аталған іс–шарағаауыл ардагерлері, сала қызметкерлері, оқырмандар мен ауыл имамы қатысты, шара құрбандарды бір минут еске алып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухына құран бағыштаудан басталды. Кешті ауыл ардагерлері кеңесінің төрағасы, кітапхана жанынан құрылған «Ізденсем, білсем» атты танымдық клубтың жетекшісі Төребек Жұмабекұлы ашып, ел тарихында өткен сонау зұлмат жылдардағы «Алаш арыстары» өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақталатынын айтты.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында өткен шара барысында ауылдық қоғамдық кеңестік төрағасы, ардагер ұстаз, тарихшы Нұрмағанбет Қуандықов өзінің тарихи кітаптардан оқып, зерттеуі бойынша көптеген мысалдар келтіріп мәліметтермен бөлісті. Ұлтын сүйген кешегі арыстардың тұлғалары уақыт өткен сайын өз биігінен көріне бермек. Әруақты арыстарды еске алу – біздер үшін әрқашан қастерлі болған және бола бермек. Зұлматқа толы тарих парақтары ешқашан ұмытылмайды. Кеште оқушылар ақындардың зұлмат жылдарға арнаған өлеңдерін жатқа оқып, «Сарғайса да тарихтың ақ парағы, бұл күндер мәңгі есте сақталады» атты бес бөлімнен тұратын кітап көрмесімен танысты.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ
31 мамыр 2018 ж. 1 090 0