ЗҰЛМАТ ЗАМАН ЗОБАЛАНЫ
31 мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елімізде 1997 жылдан бастап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді.
Бұл азалы күн Қазақстан халқы үшін айрықша мәнге ие. «Халық жауы» деп айыптаған қатаң да солақай саясаттың кесірінен қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшыраған, олардың 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілген. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет қайраткерлері т.б. болды.
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолданушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер» деген жала жауып, халықтың оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Қара халықтың қамын жеген ұлт жанашырларынан сескенген тоталитарлық билік атап айтқанда, 1925 жылы Қазақстанға басшылық қызметке келген Ф.Голощекин, елдегі билікті одан әрі ушықтырып, «Кіші қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт зиялылары қуғын-сүргінге ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды билігіне сүйеніп, қызметтен алып, елден қуып, олардың көзін жоюды да қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан «Алаш қозғалысына» қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл – ұлтшыл» деген айыптар тағылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды басқаша ойлайтындар деп айыптады.
Жалпы Сырдария ауданы ағартушылық діни ілімнің орталығы болып есептелген. Ғұламалығымен көзге түскендер сонау Көкілташ медресесінде білім алып, бірнеше тілді игеріп, алған білімдерін ел баласының сауатын ашуға жұмсаған. Сталиндік саясат сол білімдар қазақ баласынан, қазақ зиялысынан қорқып, осынау саяси ылаңды ойлап тапты. Кейбір тарихи деректерде бір күнде 40 ишан ұсталып, бір күнде атылды деген де әңгіме бар. Жақында ауданның құрметті азаматы Р.Бәйменовтың («Тіршілік тынысы» №35. 15 мамыр 2018 жыл) «Ишандар әулеті» атты мақаласында бір әулеттен 4 бірдей ишан шыққандығы, елді сауаттандыру ісінде белсенділік танытқандары жайлы айтылады. Біз білетін тарихи шындық осындай.
Осы азалы күн елімізде ашаршылықта қаза тапқандарды да еске алу күні болып саналады. 20 жылдардың соңында және 1932-33 жылдар аралығында қасақана ұйымдастырылған жасанды зауалдан, әсіресе қазақ халқы қатты зардап шекті. Мұны 2012 жылы Елордада «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументалды сәулетінің ашылу рәсімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев баса айтқан болатын. – Кеңес Одағы аумағындағы 1932-1933 жылдары болған ашаршылық адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі еді. Сол кездерде Қазақстанда ғана емес Ресей, Украина, Белорусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 млн. адамның өмірін жалмады. Қазақ сондағы жасанды зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтың бірі еді,– деген болатын Мемлекет басшысы.
Қаймағы бұзылмаған қазақтың тіршілігін бұзған солақай саясаттың кесірінен аштық миллиондаған адамның өмірін жалмап, қаншама қазақты жосытып жіберді.
Қазақта «жұт жеті ағайынды» деген сөз бар. Сонау қатарынан келген адамзат қолынан жасалған қасіреттің ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан мыңдаған, миллиондаған адам тоталитарлық жүйенің құрбанына айналды. Күнәсіз сотталып, туған жерінен аяусыз айдалып, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. Қазақ елінің әрбір азаматы үшін оларды еске алу, есте сақтау қасиетті парыз.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ