Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Төреғали Төреәлі колонияда концерт берді

Төреғали Төреәлі колонияда концерт берді

Төреғали Төрели Алматы облысындағы колонияға концерттік сапармен барды. Ол цехтағы әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге тұтқындарды Жеңіс күнімен құттықтап, қайырымдылық концерт беріп қайтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі қылмыстық-атқару жүйе комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әнші 9 мамырда, Заречный ауылында орналасқан қатаң режимдегі колонияда қайырымдылық концерт беріп қайтты. Онда 800-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.

«Қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатқандар Жеңіс күнін мерекелеуден тыс қалмады. Бұл күні қылмыстық-атқару жүйенің барлық мекемелерінде түрлі оқиғалар болды. Осылайша, сотталғандарға осы күнді құрметтеудің мүмкіндігі берілді»,-делінген хабарламада.

LA-155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар эстрада жұлдыздарына алғысын білдіріп, оларға өз қолдарымен жасаған кәдесыйларын тапсырды. Олар әндерін теледидар арқылы бірнеше рет естіген әншіні көремін деп мүлде ойламады. Олар осы күнде танымал әншінің өздерін құттықтап келгеніне дән риза. Ал түрмеде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтап, концерт берген әншіге колония басшылары да алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
10 мамыр 2019 ж. 664 0