Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Экс-министр Бишімбаев Шымкенттегі түрмеге ауыстырылды

Экс-министр Бишімбаев Шымкенттегі түрмеге ауыстырылды

Түрмеде жазасын өтеп жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.
«Биылғы жылдың 15 ақпанында Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі ИЧ 167/3 қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылды», - дейді ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер.
Еске сала кетсек, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартты. Бишімбаев жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтейтін болады.
11 наурыз 2019 ж. 618 0