Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫНАН» БІРІНШІ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

«ЖҮРЕК ЖЫЛУЫНАН» БІРІНШІ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ


Біздің кейіпкеріміздің өмірге, өнерге деген құлшынысы ерекше. Оқыстан арбаға таңылса да, бұл ауыртпалықты өнерімен жеңуге талпынып келеді. Түптің түбінде арманның орындалатынына күмән жоқ.
Бағдәулет Әбілдаұлы бала күнінен ән айтуды ұнататын. Мектеп қабырғасында жүргенде балауса әншілігімен танылды. Өнерге құштар жанның абайсызда жол апатына түсіп, жан-тәні қиналса да, өмірінің басты ұстанымы - ән айтудан жалыққан емес. Жас жігіт сырқатын жеңуге, аяғынан тік тұруға ұмтылыс танытып келеді.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын Бағдәулет жақында екі бірдей қуанышқа бөленді. Оның біріншісі – аудан әкімдігі мен, отбасының қолдауымен аудандық мәдениет үйінде Б.Әбілдаұлының шығармашылық ән кешінің өтуі болса, екіншісі ҮІІІ облыстық «Жүрек жылуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың өнер фестиваліне қатысуы еді. Бұл фестивальда Бағдәулеттің бағы жанып, облыс бойынша қатысқан 100-ден астам өнерлі балалардың арасынан жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Ол І Дәрежелі Диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Бағдәулетті облыстық өнер фестиваліне дайындаған кент клубының мәдени ұйымдастырушысы Жайна Дайрабайқызы. Өнер биігіне талмай, талпынып шығып отырған жас жігіттің келешекте танымал әнші болатынына үміт мол. Жарайсын, Бағдәулет! Жасымай, алға ұмтыл, - дейміз біз де оған.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
18 қыркүйек 2018 ж. 1 247 0