Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨНЕРЛІ БАЛҒЫНДАР БАЙҚАУЫ

ӨНЕРЛІ БАЛҒЫНДАР БАЙҚАУЫ


Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл болашағы – балабақшада» атты өнерлі бүлдіршіндердің аудандық байқауы өткізілді.
Үлкенді де, кішіні де орта тәрбиелейді. Ал барлық тәрбие мен білімнің бастауы – балабақшада. Тілдің болашағы да осынау балалардың сүйікті мекенінде қалыптасады. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға бұл жолы ауданның 21 балабақшасы мен шағын орталығынан 3-6 жас аралығындағы 21 өнерлі тәрбиеленуші қатысты. Үш кезең бойынша сынға түскен балақайлар сахнада әжептәуір өнер көрсетіп, тәтті қылықтарымен көрермендерді көзайым етті. Бірінші кезеңде өздерін таныстырса, екінші кезеңде тіл туралы тақпақтарды жатқа айтты. Үшінші кезең бүлдіршіндердің өнеріне арналды. Балабақша қабырғасында тәлім-тәрбие алып жатқан өрендер туған жер, Отан, туған тіл туралы қысқа болса да нұсқа, өлең-тақпақтар, ән-жырларды бал қылықтарымен орындады. Байқау сонысымен де тартымды болды. Бала – жас шыбық секілді, қалай исең солай өседі. Бұл орайда тәрбиешілер, ата-аналар балаларын игі іске баулып, олардың бойларында ұлтжандылықты, туған тілге деген құрметті қалыптастыруға күш салып жатқандары қуантады.
Сахнаға шыққан 21 бүлдіршіннің әрқайсысы өз деңгейінде өнер көрсетуге талпыныс жасады. Олардың ешқайсысы айтатын сөздерін ұмытып жаңылысып қалған жоқ. Бұл мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің,музыка жетекшілерінің балаларды тыңғылықты дайындағанын көрсетеді. Дегенмен, байқаудың аты байқау. Өз қатарларынан бір саты болса да, жоғары өнер көрсеткен бүлдіршіндер жүлделі орындармен марапатталды. Туған тілді дәріптеу аясында өткізілген балалар байқауында Шаған ауылының «Балбөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Нұрәли Серекеев бас жүлдені жеңіп алды. Осы орайда, балаларды өнерге ынталандыру мақсатында байқауды ұйымдастырушылар жүлделі орындарды көптеп белгілегенін де айта кеткен абзал. Екі бірінші орынға кент орталығындағы «Нұр бөбек» балабақшасынан Жансұлу Әлтаева мен Асқар ауылының «Балауса» балабақшасының 3 жасар тәрбиеленушісі Нұрайым Ақылбекова ие болды. Екі екінші орынға Қалжан ахун ауылындағы «Гүлдер» балабақшасынан Нұрислам Боранбаев пен кенттің №2 «Балдәурен» балабақшасынан Әдия Қойшыбаева жайғасты. Үш үшінші орынды Аманкелді ауылының №8 «Айгүл» балабақшасынан Ақбота Нұрхан, Тереңөзек кентіндегі «Қарлығаш» балабақшасынан Асыл­ай Сейтмұрат және Іңкәрдария ауылындағы «Еркетай» шағын орталығынан Бағлан Сәулет өзара бөлісті.
Байқау қорытындысында сайысқа қатысқан барлық бүлдіршіндер «Алғыс хат» және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шаhарбек НҰРСЕЙІТОВ

06 маусым 2018 ж. 1 730 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 07:44
Order Ventolin Without Prescription Viagra Vente Tunisie Himcospaz viagra online prescription Cialis On Line Pharmacies

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 08:48
Sale On Line Dutasteride Website Macclesfield cialis prices Cialis Medikament Bestellen