Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ламалық мақаласында көрсетілген міндет­терді жүзеге асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығына, Қызылорда қаласының 200 жылдығына, Сырдария ау­да­нының 90 жыл­дығына орай аудан әкім­дігінің қолдауымен үстіміздегі жылдың 10 шілдесінен бастап, аудан­ның мәдениет үйлері мен клубтары «Ән-жырым саған, Туған жер» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып келе­ді. Бұдан бұрын Ақжарма ауылының көр­кем­өнерпаздары өнер көрсетсе, одан бір күннен кейін, яғни, өткен сенбіде ауданның орталық алаңында Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйінің «Ауылым алтын бесігім» атты концерттік бағдарламасы көрсетілді. Мерекелік іс-шараны ауылдық округ әкімі С.Нұрмағанбетов ашты.
– Көненің көзі, ізгі­ліктің ізі болған киелі өнерді бүгінмен табыстыратын – көр­кем­өнерпаздар. Олар асыл мұрамыздың мұ­қалмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына бір­­ден-бір кепілі. Өнерін сүйген, өнерпазын мәпе­леген елдің қашанда мәртебісі жоғары дей келіп, көркемөнерпаздардың өнеріне кезек берді.
Концерттік бағдарламада Отан, Туған жер, Астанаға арналған әсем әндер шырқалып, көрермендердің құлақ құрышын қандырды. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бағдарлама мазмұндылығымен, тартымдылығымен, көп­ші­ліктің көңілінен шықты.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
24 шілде 2018 ж. 1 984 0