Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Еңселі ЕЛОРДА


Аудандық мә­дениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Н.Ілия­сов ауыл­­­дық ок­­ругі әкімдігінің қол­­дауымен, ау­ыл­­­­­дық мәде­­ниет үйі­­нің (директоры К.Құдабаева) ұйым­­­дастыруы­мен ауыл сахнасында Астананың 20 жылдығына арналған «Еңсе­лі Елорда, асқақ­та­ған Астана» ат­ты аудандық па­т­­ри­от­­­тық әндер бай­­қауы өткізілді.
Маңызды іс-шараға кент пен ауылдардан 14 пен 29 жас аралығындағы 10 талапкер әнші қатысты. Елорда – Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік байқауды ауылдық қоғамдық кеңес төрағасы Н.Қуандықов ашып, биылғы жылдың ерекше екендігін, өйткені Астананың 20 жылдығы, Қы­зылорда қаласының 200 жылдығы жә­не ауданның 90 жылдығы қатар келіп отырғанын, бұл атаулы күндерді мерейлі етіп өткізу парыз екендігін айтып, байқауға қатысушыларға сәттілік, табыс тіледі. Мұнан соң байқауға қатысушы жас әншілер сахнаға бірінен кейін бірі көтеріліп, құлақ құрышын қандыратын әсем ән шырқады. Әр­бір орындаушы екі әннен орындады. Бі­рінші ән асқақ Астанаға арналса, екінші ән Қазақстанды мекендейтін түр­лі ұлттардың әндерінің репертуарынан алынды.
Байқауға аудандық әуез мектебінің мұғалімі Б.Сәдуақасов (төраға) мүше­лері: аудандық мәдениет үйінің хореографы А.Пернебаева, жергілікті сазгер М.Сақтапов қазылық етті.
Байқау қорытындысында үздік өнер көрсеткен Тереңөзек кентінің өнерпазы Никита Мясцов бас жүлдеге ие болды. Бірінші орынды Асқар ауылының жас әншісі Абылайхан Байділдаев же­­ңіп алды. Жүлделі екінші орынды на­ғилық Ақбота Русланова мен бе­с­а­рық­тық Ботагөз Болатбек, ал үшін­ші орынды шіркейлілік дуэт Ринат Жақ­сылық пен Набат Байдәулет және іңкәр­дариялық Айнұр Қалдыбекова өзара бөлісті. Жеңімпаздар «Диплом» мен ба­ғалы сыйлыққа ие болса, барлық қа­тысушыларға «Алғыс хат» және ынталандыру сыйлығы табыс етілді.

Ш.НҰРСЕЙІТОВ
12 шілде 2018 ж. 1 227 0