Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНА – ӘСЕМ ҚАЛА

АСТАНА – ӘСЕМ ҚАЛА


Жақында Сырдария аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Әсем Астана» атты мерекелік шара өтті. Шараға аудандық қорғаныс істері бөлімінің ардагері подполковник Мақсұт Сүлейменов, Астананың құрдасы Аружан Мұханбетқали және мекеме қызметкерлері қатысты.
Әнұранмен басталған шарада подполковник Мақсұт Мейірманұлы сөз алып жиналғандарды мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Елорданың құрдасы, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің филология факультетінің 3 курс студенті А.Мұханбетқали жастарға зор сенім артылып отырғанын, өзінің де ел келешегі үшін қызмет жасайтынын білдірді.
Жеке құрам қызметкерлерінің балалары Азиза Нұрланқызы, Бүркіт Уалиханұлы және Рауан Бағдатқызы өздерінің өнерден кенде емес екендіктерін көрсетіп, ортаға шығып Астанаға арналған жыр шумақтарын оқыды. Астананың өткені мен қазіргісі жайлы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларды керемет көңіл күйге бөледі.
Астана күні мерекесіне орай қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін Шолпан Үсенқызы мен Айнұр Дайрабайқызы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталса, подполковник М.Сүлейменов, мекеме қызметкерлері А.Жұманова, М.Өтепова бөлімнің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ бүлдіршіндерге арнайы грамота мен естелік сыйлық табыс етілді.

Айдана МАРАТҚЫЗЫ
12 шілде 2018 ж. 1 167 0