Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Бірлік – берекенің бастауы

Бірлік – берекенің бастауы

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні – еліміздегі сан ұлт пен ұлыстың татулығы мен достығын ұлықтайтын маңызды мерекенің бірі. Бұл күн – бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан түрлі этнос өкілдерінің ынтымағы мен бірлігінің белгісі.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазақ елі бауырмалдылығы мен кең пейілі арқылы талай ұлтты бауырына басты. Бүгінде елімізде 130-дан аса ұлт пен ұлыс өкілдері бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсатқа жұмылып еңбек етуде. Мұның бәрі – елдегі тұрақтылық пен бірліктің арқасы.

Бірлік – кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы. Ол болмаса, даму да, өркендеу де болмайды. Ел Президенті өз сөздерінде үнемі бірлік пен ынтымақтың маңызын айрықша атап өтеді. Себебі береке мен тыныштықтың негізі – өзара түсіністік пен сыйластықта.

Бұл күн еліміздегі барлық ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін насихаттайтын, бірліктің қадірін ұғындыратын ерекше мереке. Мектептерде, мәдени орталықтарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақ паш етіледі. Осы мерекеге орай әрбір азамат еліміздің дамуы жолында бірігіп еңбек етуге, татулықты ту етуге тырысса, Қазақстанның болашағы жарқын болары сөзсіз. Бірлік бар жерде – тірлік бар!

Мұрат Алтынай
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті
Фото: Ашық дереккөзден
02 мамыр 2025 ж. 226 0