Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » Республикалық «Жұлдызды сәт» байқауы

Республикалық «Жұлдызды сәт» байқауы

Би үлкен өнер. Ал үлкен өнерді тек көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезініп, түйсінетіні ақиқат. Егерде біз, халқымыздың тарихына терең зер салсақ, би өнерінің сонау ықылым заманның өзінде-ақ, қазақтың ұлттық өнерінің бір бұтағына айналғанын айқын аңғарамыз. Би –музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттылардың бірі – Шара Жиенқұлова. Қазіргі таңда танымал бишілеріміздің ізін жалғастыруда аудандық мәдениет үйі жанындағы «Балауса» халықтық би ансамблі бишілерінің еңбегі ерекше.

Би өнерін жанына серік еткен бишілеріміз талай шыңдарды бағындырып келеді. 20 жылдан аса халыққа мәдени қызмет көрсетіп келеді. «Балауса» халықтық би ансамблінің жетекшісі Қазақстан хореографтар одағының мүшесі, балетмейстр Ақмарал Пернебаева болса, хореограф Таңшолпан Құдабаева. Сыр өңірінің рухани-мәдени саласының дамуына өз үлестерін қосып келе жатырған «Балауса» халықтық би ансамблінің өнерпаз бишілері , ұлттық өнерімізді би арқылы халық арасына насихаттаудағы еңбектері ерекше. Аталмыш би ансамблі ағымдағы 2024 жылдың 19 қазанында Қызылорда қаласында өткен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөсірімдер арасында ұйымдастырылған республикалық байқауына «Хореография» номинациясы бойынша орта топ би тобы «Заманауи» биімен қатысып, Үздік өнер көрсетіп, Бас жүлдемен марапатталып, Супер финалға шығып, Астана қаласында жолдама алды.

Байқауға жалпы облыс аудандары бойынша 26 би ұжымы қатысқан. Би ансамблінің жетекшісі А.Пернебаева жас таланттарға шығармашылық қолдау білдіріп, жас ұрпаққа азаматтық рухани тәрбие қалыптастырғаны үшін «Жұлдызды сәт» байқауының Құрмет грамотасымен, би ансамблінің хореографы Т.Құдабаева балалардың дамуы мен шығармашылығына қосқан үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. «Балауса» халықтық би ансамблінің балғын бүлдіршіндеріне қанаттарың талмасын дей отырып – шығармашылық табыс тілейміз!
22 қазан 2024 ж. 217 0