Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БИ – ҚҰДІРЕТТІ ӨНЕР

БИ – ҚҰДІРЕТТІ ӨНЕР

Би – жанның ырғағы, би – сезімнің серенадасы, би – бақыттың байрағы, би – әдемілік айғағы. Аудандық мәдениет үй жанындағы “Балауса” би тобы осындай өнер қасиетін бойына сіңірген шығармашыл ұжым. Бұл топқа ауданға, облысқа белгілі балетмейстер Ақмарал Пернебайқызы 2002 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. “Балауса” би тобына 2012 жылдың 16 қаңтарында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің шешімімен “Халықтық би ансамблі” деген атақ берілді.
Жақында “Балауса” халықтық би ансамбілінің “Би – өмірдің мұрасы” атты шығармашылық есеп беру концерті болды. Өнер ұжымы аталмыш шараның шымылдығын “Вальс” биімен ашты. Ансамбілдің құрамы төрт топтан тұрады. Даярлық, бір, екі және үшінші топ. Есепті концерт барысында көрермендер мың бұралған бишілердің өнеріне тәнті болып, қол шапалақтап, қошеметін білдіріп отырды. Бастан аяқ би мен әсем әнмен өрілген концерттік бағдарламада көрермендер үлкен рухани қуат алды.
Он жеті жылдан бері сахнаның көркіне айналған бишілер тобы талай мәрте облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Жетістіктердің бәрін бірдей шағын мақалада тізіп шығу мүмкін емес. Дегенмен биылғы жетістіктерін айтпай кетуге болмайды.
Нұр-Сұлтан қаласында 2 ақпан күні өткен Халықаралық «KAZAKSTAN STARS» байқауында, 3 ақпан күні Халықаралық «Бала шабыты» байқауында I –топ мүшелері қатысып, «Тойға шашу» биімен екі байқаудан да I-орынға ие болды. «Үздік Халықтық би» кубогымен марапатталды. Құрамында 16 өнерпазы бар.
Ақпан айының 16-ы күні Қызылорда обылысында «7 Өнер» өнер орталығының ұйымдастыруымен республикалық «Қазақстан үміті» байкауына «Балауса» халықтық би ансамблінің I-III-топ өнерпаздары 30 бишімен қатысып Бас жүлде иеленді. Нәтижесінде Алматы қаласында өтетін Халықаралық байқауға жолдама берілді.
Сәуір айының 13 күні Қызылорда облысында Сыр елі бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған XXI облыстық «Бозторғай» конкурсында үздік өнерімен «Балауса» халықтық би ансамбілінің даярлық тобы өнерпаздары Қазақ биі «Кесе», «Флешмоб» билерімен өнерлерін көрсетіп II- орынға ие болды.
“Өнер талантты өсіреді” дейді халық даналығы. “Балауса” халықтық би ансамблінің жетекшісі, балетмейстер Ақмарал Пернебаева мен хореограф Таңшолпан Құдабаева баптайтын балғын бишілер қазақ биінің сұлулығын және өзге ұлттар би өнерінің әсемділігін заманауи бидің әдемілігімен ұштастырып, жарқын жетістіктерге жетіп келеді. Есептік концерттік бағдарламада біз осыны анық аңғардық.
Балғын бишілер 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.


Ш.НҰРСЕЙІТОВ
04 маусым 2019 ж. 2 196 0