Сырдариялық өнерпаздар республикалық байқауда топ жарды
Бүгінде «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының өнерпаздары республикалық дәрежедегі байқауларда топ жаруда. Мәселен, кеше «JasSTAR» республикалық балалар, жасөспірімдер және жастар фестиваль-конкурсында бірнеше өнерлі өрен жеңімпаз тұғырынан көрінді, деп жазады Kyzylorda-news.kz
Бұл ретте, «Ұлттық би» жанры бойынша «Айтұмар» би тобы І орын иегері атанды. Сонымен қатар республика көлемінде үздік ауыл қатарына жататын Нағи Ілиясов ауылының «Наз-Ару» би тобы жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ал «Эстрадалық ән» жанры бойынша жас әнші Ерсұлтан Тәуекелов ІІ орынға қол жеткізді.
– «Сұлу-ай шығармашылық өнер орталығында талантты өрендер қатары жеткілікті. Апта ағымында біренеше байқауда бақ сынаған шәкірттеріміз мерейімізді тасытты. Әрине, жүйелі жұмыс пен сапалы білімнің арқасында біздің балаларымыз киелі сахнаның төріне шығуда. Ұстаздардың еңбегіне дән ризамын. Жыл көлемінде көптеген байқауға қатысуға ниетті өнерпаздарымыз баршылық. Оларға әрқашан қолдау көрсетеміз, – деді орталық құрылтайшысы Анар Қалдыбаева.
«JasSTAR» республикалық балалар, жасөспірімдер және жастар фестиваль-конкурсында даралана білген шәкірттердің аяулы ұстаздары – Жанат Шайзадаева, Аружан Әлішерова, Аяулым Бекболатова екенін айта кетейік.