Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Қос байқаудан жеңімпаз атанды

Қос байқаудан жеңімпаз атанды

«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығы жылдың соңғы айында орасан жетістіктерге қол жеткізуде. Ашылғанына 1 жыл болған орталықтың шәкірттері республикалық байқаулардың жеңімпазы атануда. Бұл ретте, біздің мақтаныштарымыз қос байқауда жүлделі орындарға қол жеткізді. Мәселен, «Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасындағы республикалық байқауда талантты өнерпазымыз Нұрай Марат І орынды иеленді. «Вокал» номинациясы бойынша үздік атанған өнерлі оқушының қуанышына ортақпыз.

Өз кезегінде жас талант Дәулетхан Көзейбай «Жібек жолы» тақырыбында өткізілген балалар мен жасөспірімдер республикалық өнер байқауында жүлделі І орынды жеңіп алды. «Аспаптық жанр» номинациясы бойынша бақ сынаған жас өнерпаз болашағынан зор үміт күттіреді.

– Бүгін қуанышты қос жаңалықты естіп төбеміз көкке жетті. Ерекше өнерімен дараланған қос шәкіртіміз Түркістан және Алматы қаласынан олжалы оралды. Бұл ретте, ұстаздардың еңбегін ерекше бағалауымыз керек. Айта кетейік, әріптестеріміз Роза Дүрманова мен Нұрбол Тұранов өз ісінің шеберлері саналады. Әрқашан біздің мақтаныштарымыз зор табысқа қол жеткізе берсін демекпіз, – дейді «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығы құрылтайшысы Анар Қалдыбаева.
13 желтоқсан 2022 ж. 342 0