Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Республикаға жолдама алды

Республикаға жолдама алды

«Сұлу-ай» шығармашылық өнер орта­лығының өнерпаз­дары көптеген байқаулардан жүл­демен оралып жүр. Жақында ғана Қызыл­орда қаласында өткен республика­лық байқау­да жеңіс тұғырынан көрінуі сөзіміз­ді дә­лел­дей түседі.

Анығырақ айтсақ, аудан намысын арқалаған талантты өрендер республи­калық «Жарқын Болашақ» өнер орталы­ғының ұйымдастыруымен өткен VII «Жа­рық жұлдыз» өнер байқауында жеңімпаз атанды. Аталған байқауда Ақжарма және Асқар Тоқмағамбетов ауылының бишілері І орынды жеңіп алып, Алматы қаласында болатын финалдық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар, бишілердің екінші тобы ІІ орынға қол жеткізді.

Осы байқауда «Сұлу-ай» өнерпазда­ры­ның мерейі арта түсті. Мәселен, аспапта ойнау жанры бойынша үздік өнер көрсеткен асқарлық Ақәділ Пернебаев пен Еркежан Кеңесбайқызы І орын алып, Алматы шаһарына баратын болды. Вокал жанры бойынша Марфуға Әубәкірова үздіктер қатарынан табылып, финалдық кезеңде бақ сынауға мүмкіндік алды.

Республикалық байқаудың финалдық кезеңіне 5 жолдама алу өнер орталығы үшін үлкен жетістік, ауданымыз үшін зор қуаныш болды. Бұл ретте, ұстаздар еңбегі ерекше екенін айта кеткен жөн. Мамыр айына жоспарланған финалдық кезеңге тәжірибелі ұстаздар Әсел Ибраева, Гүлназ Сералиева, Ақжан Сәкенқызы, Әнел Сансызбаева өнерпаздарды бастап бармақ. Сыр елінің намысын қорғап, үлкен сахнада бақ сынауға бел буған өнерпаздарға сәттілік серік болсын дейміз!

Б.ОРДАБЕКОВ
04 сәуір 2023 ж. 395 0