«Алтын күз – 2026»: 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылуда
Бүгін, 24 қазан күні «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.Жәрмеңке сөрелерінен Сырдың брендіне айналған ақ күріш, Аралдың балығы мен ас тұзы, балдай тәтті қауын-қарбыз, табиғи сүт өнімдері және басқа да жергілікті өнімдерді табуға болады.
Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге 450 жүк көлігімен 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Дала еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген өнімдер тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен бағамен ұсынылуда.
Оның ішінде 200 тоннадан астам ақ күріш, 30 тонна ет және 40 тоннаға жуық балық өнімдері, 270 тонна картоп, 400 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 200 тонна бақша өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 20 тоннаға жуық бакалея және кондитерлік өнімдер, 60 бас қой мен тоқты және 30 тонна жем-шөп жеткізілді.
ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ӨТЕТІН ОРЫНДАРЫ:
Пікір қалдыру








