Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орталық өнерпаздары «JASSTAR» байқауында топ жарды

Орталық өнерпаздары «JASSTAR» байқауында топ жарды

Осы аптада аудандық мәдениет үйінде балалар шығармашылығын дамыту, шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан «JasSTAR» ll республикалық және халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастар фестиваль-байқауы іріктеу өткізілді.

Өз кезегінде «Сұлу-ай» шығармашылық өнер орталығының өнерпаз балғындары аталған байқауда бақ сынап, жеңімпаздар қатарынан көрінді.

Алдағы уақытта біздің өнерлі өрендеріміз аталған байқаудың республикалық және халықаралық кезеңдерінде өнер көрсетеді. Бұл ретте, орталық құрылтайшысы Анар Қалдыбаева байқау жөнінде өз пікірін айтты.


– Бүгінде өнер орталығымызда кез келген байқауда топ жаруға қауқарлы балғындар тәрбиеленіп келеді. Үнемі оларға зор қолдау көрсетіп келеміз. Ұстаздарымыз тыңбай еңбек етіп, баланың бойындағы талантты жарыққа шығаруға барынша ұмтылуда. Әрине, біз үшін әрбір бала жұлдыз. Орталық алған бағытынан таймай, қашанда нәтижеге қол жеткізу жолында жүйелі жұмысқа, тиянақты жоспарға иек артуы керек екенін айқын сезінеміз. Сондықтан күнделікті сабақтың өтілуі баста қадағалауымызда. Ал байқаудың іректеу кезеңінде топ жарған өнерлі өрендердің болашағына сеніммен қараймыз, – деді Анар Қалдыбаева.

17 наурыз 2024 ж. 95 0