Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұлттық киімді ұлықтаған ұрпақ

Ұлттық киімді ұлықтаған ұрпақ

Сырдария аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының Креативті HUB ашу бағыты бойынша «Ұлттық киім - ұлт ажары» атты мектептің жоғары сынып оқушылары арасында аудандық байқауы өтті. Байқауға елді - мекендерде орналасқан ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарынан 16-15 жас аралығындағы өнерлі қыз- жігіттер қатысып, бақ сынасты.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін, олардың түрлерін, пайдалану және тұтыну ерекшіліктері туралы білімдерін жетілдіру. Салт-санамызға сай сан түрлі әсем, әрі келісті төл киім үлгілерін насихаттау. Шапан, бөрік, кимешек сияқты қазақтың ұмыт болуға айналған ұлттық киімдерін дәріптеу. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын дамыту, шығармашылық ізденіске жетелеу болып табылады.

Оқушылар байқауға тыңғылықты дайындалғаны көрініп тұр. Шығармашылық ізденіс нәтижесінде іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Халқымыздың ұлттық құндылығы болып саналатын ұлттық киімдеріміздің өте ерекше, көздің жауын алатындай өте әдемі екеніне тағы бір мәрте көзіміз жеткендей. Барлығы бірінен бірі өтетіндей әдемі. Ұлттық киімді ұлықтаған қатысушылар әр киімнің өзіндік тарихын, киілетін орны мен кімдер киетініне тоқталып, атап өтті.



Байқау нәтежесі қазылар алқасының шешімен І орын Аманкелді ауылынан Амангелдиев Батыржан, Жүзбайқызы Қызжібек, ІІ орын Шіркейлі ауылынан Асылжан Диас, Тынысбек Нұрбибі, Қалжан ахун ауылынан Жарылқасын Батырхан, Дарханқызы Толғанай марапатталды. ІІІ орын А.Тоқмағанбетов ауылынан Нұғымадилла Мағжан, Мирланқызы Айсезім, Жетікөл ауылынан Нақыпбек Бақдәулет, Әлиасқар Іңкәр иеленді. Алғыс хатпен Кент клубынан Пірімов Дамир, Құрманбаева Жансая, Н.Ілиясов ауылынан Тілекбаев Диас, Рысдәулетова Гүлсезім, Шаған ауылынан Сақтан Нұрислам, Ерболатқызы Раушан марапатталды.


Өз кезегінде ұмыт болуға айналған ұлттық киімді дәріптеген оқушыларға редакциямыздың атынан өз алғысымызды білдіріп, жеңімпаздарды марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.

Алтынай Қайратқызы
05 наурыз 2024 ж. 392 0