Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » » «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

Сырдария ауданының тумасы Қайырбек Асанов бүгінде жары, қазақтың көрнекті ақыны Күләш Ахметовамен бірге Тараз қаласында тұрып жатыр. Аудандық газет редакциясымен тығыз байланыс орнатқан ардақты ақын бізге тағы бір сүйінші хабарды қуанышпен жеткізді.

Бұл жолы Қайырбек Асановқа ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі табысталыпты. Медаль ақынның биыл 90 жылдығы аталып өтіліп жатқан «Қазақ әдебиеті» газетінің өсіп-өркендеуіне сіңірген елеулі еңбегі мен еліміздің қоғамдық-саяси дамуына қосқан үлесі үшін берілген. Министр А.Балаева ақынның ұзақ жылғы шығармашылық еңбегін жоғары бағалап, барлық құрметке лайық екенін атап өткен.

– Кезекті қуанышымды тереңөзектік жерлес­теріммен бөлісуді жөн көрдім. Бәрі осынау киелі топы­рақтың, бізге тілекші болған ағайынның арқасы. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамыту ба­ғытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі болуына әркез тілектеспін, – дейді ақынның өзі.

Министрліктің арнайы медалін иеленген ақынды қуанышымен құттықтап, зор денсаулық және шығар­машылық сәттілік тілейміз.

«Тт-ақпарат»
06 ақпан 2024 ж. 452 0