Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қайырбек Асанов «Тараз қаласының құрметті азаматы» атанды

Қайырбек Асанов «Тараз қаласының құрметті азаматы» атанды

Сүйінші, ағайын! Сырдария ауданының тумасы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атанды.

Бүгінде Жамбыл облысында тұрып жатқан белгілі қаламгерлер Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметованың есімі аудан халқына жақсы таныс. Өмірде де, әдебиет айдынында да жұп жазбай келе жатқан қос ақынды Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев пен қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев мерекемен құттықтап, Қайырбек Асановқа «Тараз қаласының Құрметті азаматы» атағын, Күләш Ахметоваға «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Жыл қорытындыланар тұста жеткен қуанышты хабарды зор құрметпен қабылдап, абырой биігіндегі аудан мақтанышын мерейлі марапатымен құттықтаймыз.

23 желтоқсан 2021 ж. 1 087 0