Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Мен ғашықпын Мұқағали жырына"

"Мен ғашықпын Мұқағали жырына"

№135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен ға­шықпын Мұқағали жырына» атты тағылымды кеш өтті.
Қазақтың мұзбалақ ақынының шығар­машылығына арналған мұндай ізгі іс-шара­­ны мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нің тәжірибелі ұстазы Гүлнар Тәжімұратова жылда ұйымдастырады екен. Бұл ақынның шығармашылығы арқылы туған Отан мен туған тілді дәріптеп, жас ұрпаққа ұлтжанды тәрбие беру мақсатын көздейді. Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы арқау болған сах­­налық қойылымда негізінен рөлдерді жо­­ға­ры сынып оқушылары сомдап сәтті шы­ғарды.
Кештің ауылдық мәдениет үйінің үлкен сахнасында өтуі де ізгі шараның шыра­йын кіргізді. Тағылымды кеште Мұқа­ғалидың жырларына жазылған әсем ән­дер шырқалып, дауылпаз ақынның жалынды өлеңдері оқылды. Кеш барысында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу сайы­­сы да ұйымдастырылды. Бұл байқауда жар­қырап көрінген мектеп оқушысы Жанбике Асхатқызы бас жүлдені жеңіп алды. І орынды Айсара Қайратқызы иеленсе, екі ІІ орынды Нариман Бақытжанұлы мен Думан Тұрсынбекұлы өзара бөлісті. Сондай-ақ екі ІІІ орынды Айдын Зарлықов пен Мағжан Бауыржанұлы иеленді.
Тағылымды іс-шараға халықаралық «Қа­­зақ тілі қоғамы» ҚБ Сырдария аудандық фи­лиалының төрағасы Ш.Нұрсейітов қаты­сып, ұстаздар мен оқушыларға шығар­ма­шылық табыс тіледі. Кешті мектеп директоры Н.Құрманалиев қорытындылап, жеңім­паздар мен жүлдегерлерге арнайы дип­лом және «Алғыс хат» табыстады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
12 ақпан 2022 ж. 609 0