Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Көпшілік көңілінен шыққан бишілер байқауы

Көпшілік көңілінен шыққан бишілер байқауы

Тереңөзек кенті клубының ұйымдас­ты­руымен аудандық бишілер байқауы өтті. «Би өнері – мә­де­ниетіміздің мәртебесі» та­қырыбын арқау еткен сайысқа ауданға қарасты ауылдық ок­ругтерден келген өнерпаз оқушылар қатысты. Аталған байқау­ға біз де арнайы қатысып, бір сәт көңіл сергітіп қайтқан жайымыз бар.

Сайыс ережесіне сәйкес бай­қауға халықаралық, республика­лық байқау жүлдегерлері қатыс­тырылмады. Басты мақсат та – енді ғана танылып келе жатқан жас өнерпаздарды сахнаға икемдеп, өнерге баулу. Осы ретте­ қатысушылар екі кезең бойын­ша бақ сынасты. Алғашқы кезеңде мың бұралған бишілер қазақтың ұлттық биін орындап көрермен көзайымына айналса, екінші ке­зең өзге ұлттардың биін орындау деп бекітілген. Бұл ретте­ өнерпаздар түрік, өзбек, хорезм, үнді халықтарының ұлттық билерін көрерменге ұсынды. Қатысушылардың сайысқа үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Көзінен жалын ұшқындаған жас өнерпаздардың өнеріне көрермен тәнті болып, қатысушыларды қошеметке бөледі.

Қазылар алқасының құрамын­да аудандық өнер мектебінің оқыту­­шы­­сы Гүлшат Өтебасова, мәде­­ниет үйінің жетекші балет­мейс­тері Ақмарал Пернебаева және жергілікті БАҚ өкілі болды. Олар би қимылдары мен сахна мәдениеті, сахналық костюмі мен қыздардың тап­қырлығына, икем­ділігіне қарап лайықты бағала­рын берді. Қос кезеңнің қорытын­дысы бойынша өнерімен қатар­ластарынан оза шапқан өнер­паздар жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, С.Сейфуллин ауылының намысын қорғаған Інжу Рахат пен кент­тің атынан қатысқан Жаннұр Тасқа­лиева жүлделі үшінші орынды өзара бө­лісті. Ал шіркейлілік Әсел Айдарбек бірінші кезеңде қазақ биін, екінші кезеңде хорезм ұлт­тық биін орындап, екінші орынды же­ңіп алды. Бірінші кезеңдегі аққу  биінен бөлек екінші бөлімде үнді биін өте жақсы меңгерген аман­келділік Қызжібек Жүзбай бірін­ші орынға лайық деп танылды. Қалған өнерпаздың барлығы өз ерек­шеліктеріне орай арнайы номина­цияларға ие болды. Қалжан ахундық Жәния Гәжденбекова «Көрер­мен көзайымы» атанса, Бесарық­тан келген Бибінұр Борантаева «Болашақ жұлдыз» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ қоғалы­көлдік Дильназ Бақыт «Сахна сымбаты» аталымына қол жет­кізсе, айдарлылық Айым Жалғасбек «Ең жас биші» номинациясын иеленді. Барлық қатысушы арнайы диплом мен естелік сый­лықтар­ға ие болды. Осылайша көңілді би сайысы ұлттық құн­ды­лығымызды дәріптеп қана қой­май, өнерпаздарға тәжірибе ала­ңы болды деуге негіз бар.

– Би өнерінде сөз де, үн де жоқ. Бірақ оны биші де, көрермен де жан-тәнімен түсінеді, сезінеді. Би қи­мылдары белгілі бір ойды айтып тұрғандай болады. Ұлттық өнері­мізді ұлықтап, келешек буын арасында насихаттап, ынталандыру қажет. Осы орайда жасөспірімдер арасын­да ұйымдастырылған бай­қаудың негізгі мақсаттарының бірі – сахнаға енді шығып жүрген бишілерімізді сахна мәдение­тіне үй­рету. Байқау туралы алдын ала хабар­ланғаннан бастап әр ауыл­дық ок­ругтен қатысушылар өз ұсы­ныстарын жолдай бастады. Сегіз қатысушыны іріктеп алдық. Қа­зылар алқасы ережеге сәйкес бағалап, шешім шығарды. Барлық өнер­паз марапатталды, – дейді қазы­лар алқасының төрайымы Ақмарал Пернебайқызы.


А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
21 қазан 2023 ж. 406 0