Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мектеп өміріндегі театр

Мектеп өміріндегі театр

Аудан мектепте­рінде «Мектеп театры» жобасы басталғанына біршама жыл болды. Мектеп оқушыларының шығармашылығын да­мыту, өнерге бау­­лу, ба­лаларды елжан­ды­лыққа, адам­гер­ші­лікке тәрбиелеу мақ­са­тын­да іске асқан жо­ба бала­лардың жан-жақ­ты дамуына жағ­дай жасайды.

Жақында аудандық білім бө­лімінің әдістемелік кабинетінің ұйым­дастыруымен осы жоба аясында «Театр – рухани тәрбие құ­ралы» тақырыбында №139 орта мек­тепте облыстық семинар өтті.

Адамды эстетикалық ізгілікке тәрбиелейтін құралдың бірі – театр. Мектептегі тәрбие бағы­тын­ толықтыру мақсатында қол­ға алынған «Мектеп татры» жо­­ба­сымен әрбір білім шаңыра­ғын­да үйірмелер жұмыс жасайды. Се­минарға Н.Бе­кежанов атындағы қа­зақ музы­калық академиялық дра­ма театрының әртістері С.Тө­ле­пов, А.Артықбаева, Н.Сыз­дық­­­баев, М.Мәметова атын­дағы педа­гогикалық жоғары кол­леджінің «Ассорти» студенттер теат­рының актрисасы Ж.Төлегенова, А.Мам­зада, облыстық оқу орта­лы­ғының бөлім меңгерушісі Г.Ақ­мырзаева, аудандық білім бөлімінің әдіскер­лері Қ.Қал­жа­нова, С.Сақтағанова, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жала­ғаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан келген өкілдер және аудандағы 17 мектептің жоба же­тек­шісі қатысты.

Семинарда Б.Мұқайдың «Раушан гүлі» драмасынан қойылым, қуыршақ театры В.Сутееваның «Са­ңырауқұлақ саясында» ер­тегісі, «Бейбіт күн жасасын әлем­де!» тақырыбында көлеңке теат­ры, «Ғажайып мекен» ертегісінен қойылымдар көрсетіліп, жас өнер­паздар өнер көрсетті.

Семинарға қатысушылармен мотивациялық кездесу ұйымдас­ты­рылды. Облыстық оқу орта­лығының бөлім меңгерушісі Гүл­а­йым Ермекбайқызы, аудандық бі­лім бөлімінің әдіскерлері Қара­­көз Қаршығақызы семинарды қоры­тын­дылап, мектеп басшылығына, мектеп ұжымына алғыстарын біл­діріп, семинардың жоғары дең­гейде ұйымдастырылғанын айтты.

– Айдарлы ауылында бұрын­­нан театрдың негізі қаланған. Мұнда халық театры өз көрер­менінің көзайымына айналған. Ал ауыл мектебіндегі шағын театр ұжымы да жыл бойына мектеп сахнасына көптеген қойылымдар әзірлеп келеді. Жалпы, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасауға мектеп тетарының берері көп. Бүгінгі семинарда облыстан келген меймандар театр жұмысына жоғары баға берді. Балалар кәнігі әртістер секілді өз образдарын ашып, кө­рерменнің жүрегіне жол тапты, – дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Қалжанова.

Семинар соңы марапатқа ұла­сып, жан-жақты тәжірибе жинаған мамандар жақсы әсер, керемет кө­ңіл-күймен тарқасты.

Бибісара ТАҢАТАРҚЫЗЫ
27 мамыр 2023 ж. 728 0