Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бүлдіршіндер жетістігі

Бүлдіршіндер жетістігі

Жақында ғана Қызылорда қаласында «Атадан – мұра» қо­ғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ұлы дала ұрпа­ғы» республикалық ән байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған аудандағы «Қарлығаш бөбек» балабақшасының тәр­биеленушілер қатысып, жүлдемен оралды. Аудан намысын қорғаған кіп-кішкентай бүлдіршіндер вокалды ән айтудан сайысқа түсті.

«Қарлығаш бөбек» балабақшасының «Еркетай» то­бы «Әжетайым» әнін орындап, жүлделі екінші орынды жеңіп алды. Арнайы кубок пен сертификат және Алматы қаласында өтетін республикалық кезеңге 50 пайыздық жолдама алған балалардың қуанышында шек болмады. Топ құрамында Раяна Жаңабай, Даяна Жаңабай, Ай­ша Абылайқызы, Айзере Әуез, Адия Серікбол, Амина Көшербай өнер көрсетті. Ал жеке орындау бағыты бойынша бақ сынаған кіші топ тәрбиеленушісі Медине Рустамқызы жүлделі үшінші орынды иеленді.

Балғындарды тәрбиешілер Балжан Иманғалиева мен Гүлжауһар Құрманаева бастады. Кішкентай әншілердің қабілетін шыңдап, ән айтуға баулыған ұстаздары – музыка жетекшісі Үміткүл Есназарова.

– Балабақша тәрбиеленушілерінің бәрі өнерлі. Білікті мамандар балалардың уақытын тиімді өткізіп, жан-жақты қабілеттерін дамытуға ықпал етіп келеді. Облыстық байқаудан жүлдемен оралу кішкентай бүлдіршіндерге үл­кен жігер сыйлады. Оған қоса, балабақша құрылтайшысы Қуанышкүл Сақтағанова байқауға қатысқан балаларға естелік ойыншықтар сыйлап, қуаныштарын еселеді. Филармония төрінен жүлдемен, сыйлықтармен оралған бүл­діршіндердің қуанышында шек болмады, – дейді бала­бақша меңгерушісі Эльвира Збаирова.
А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
07 ақпан 2023 ж. 675 0