Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Балғындар балабақшамен қоштасты

Балғындар балабақшамен қоштасты

Өткен аптада «Балалар жылы аясында «Қарлығаш бөбек» балабақшасының «Тұлпар» тобы түлектерінің алтын ұяла­рымен қоштасу мақсатында «Қош бол, балабақшам!» тақырыбында ертең­­гі­лік кеш өтті. Ертеңгілік кешке бала­бақ­ша құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Қуа­нышкүл Сақтағанова, балабақша мең­ге­рушісі Эльвира Збайрова, тәрбиешілер мен ата-аналар қатысты.

Тәрбиеші Гүлжаһар Құрманаева жетекшілік ететін «Тұлпар» тобының балақайлары мерекелік кешті «Стюардесса» биі­мен ашты. Сонымен бірге кішкентай бүлдіршіндер барлық қыз­мет­керлерге арнап тақпақ оқыды. Балабақшадағы балаларға арнап породия жасаған олар көпшілік көңілінен шықты. Өнерлі өрендер «Біз мектепке барамыз», «Қоштасу» әнін шырқады. Ал «Джентльмендер» биін қойылым ретінде ұсынған балғындар тәтті қылығымен көзге түсті.

– «Қарлығаш бөбек» балабақшасы осыдан 5 жыл бұрын «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған болатын. Азғантай уақыт ішінде, балабақша ұжымы жоғарғы жетістіктерге қол жеткізе білді. Тәрбие мен білім ұясында 2 топта 50 бала бар. Балалардың жақсы білім алуына тәрбиешілер С.Бердалиева, Г.Асылбек, Г.Құрманаева, Б.Иманғалиева барын салып келеді. Әрдайым бүлдіршіндерімізге сапалы білім беріп, ата-ана үмітін ақтау міндетіміз. Сондықтан кәсіби мамандардың тәжірибесіне иек артамыз. Бүгінгі балабақшамен қоштасып жатқан балалардың болашағы жарқын болсын, – деді балабақша құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Қуанышкүл Сақтағанова.

Өз кезегінде Әлинұр Ақтөреұлы мен Кәмила Берікқызы соңғы қоңырау соқты. «Қарлығаш бөбек» балабақшасының меңгерушісі Эльвира Збайрова балаларға «Алғыс хат» табыстап, арнайы сыйлық берді. Ата-аналар да сөз алып, перзенттерінің қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.Тәрбиеші Гүлжаһар Құрманаева жетекшілік ететін «Тұлпар» тобының балақайлары мерекелік кешті «Стюардесса» биі­мен ашты. Сонымен бірге кішкентай бүлдіршіндер барлық қыз­мет­керлерге арнап тақпақ оқыды. Балабақшадағы балаларға арнап породия жасаған олар көпшілік көңілінен шықты. Өнерлі өрендер «Біз мектепке барамыз», «Қоштасу» әнін шырқады. Ал «Джентльмендер» биін қойылым ретінде ұсынған балғындар тәтті қылығымен көзге түсті.

– «Қарлығаш бөбек» балабақшасы осыдан 5 жыл бұрын «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған болатын. Азғантай уақыт ішінде, балабақша ұжымы жоғарғы жетістіктерге қол жеткізе білді. Тәрбие мен білім ұясында 2 топта 50 бала бар. Балалардың жақсы білім алуына тәрбиешілер С.Бердалиева, Г.Асылбек, Г.Құрманаева, Б.Иманғалиева барын салып келеді. Әрдайым бүлдіршіндерімізге сапалы білім беріп, ата-ана үмітін ақтау міндетіміз. Сондықтан кәсіби мамандардың тәжірибесіне иек артамыз. Бүгінгі балабақшамен қоштасып жатқан балалардың болашағы жарқын болсын, – деді балабақша құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Қуанышкүл Сақтағанова.

Өз кезегінде Әлинұр Ақтөреұлы мен Кәмила Берікқызы соңғы қоңырау соқты. «Қарлығаш бөбек» балабақшасының меңгерушісі Эльвира Збайрова балаларға «Алғыс хат» табыстап, арнайы сыйлық берді. Ата-аналар да сөз алып, перзенттерінің қуанышымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.



Балтабай Аябекұлы
21 маусым 2022 ж. 657 0