Республикаға жолдама алды

Аудандық байқаудын І орын иеленген Нұрәлі Нұрланұлы облысқа жолдама алған еді. Бүгін «Ата Заңым – айбарым» тақырыбындағы патриоттық әндер байқауының облыстық кезеңі өткізіліп, сырдариялық бүлдіршін тағы да І орынды жеңіп алып, республикаға жолдама алды.
Нұрәлі Нұрланұлы – ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин ауылындағы «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасының ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі. Балабақша табалдырығын 3 жасынан аттап, биылғы оқу жылында №137 орта мектептің мектепалды даярлық тобына бармақшы.
Қалдыгүл әжесінің тәрбиесін көріп, аңыз-әңгімелерін, ертегілерін тыңдап өскен Нұрәлі кішкентайынан өнерлі, алғыр, тіл алғыш балғын болып өсіп келеді. Балабақшада ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларда ән айтып, өз өнерін көрсетеді. Бүлдіршін шағынан өнерлі жас бүлдіршінді тәрбиешісі, әуез жетекшісі Нәзгүл Байділдаева өнерге баулып келеді.