Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жас қобызшылар жеңімпаз атанды

Жас қобызшылар жеңімпаз атанды

Жақында Сырдария аудандық өнер мектебіне қарасты қобыз сыныбының жас өрендері Лаура Мұратова мен Мерей Бақытбек «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық берлестігінің ұйым­дастыруымен өткі­зіл­ген «Бабалар рухы үн қатты» бай­қауында бақ сынады. Аталған байқау барысында ұлттық өнерді жаңғыртушы талантты өнерпаздар аудан мерейін асырды.

Қорқыт ата мұрасы – қобыз аспабын кеңінен насихаттап жүрген мәдениет қайраткерлерінің лайықты ізбасарлары аудандық өнер мекте­бінде тәрбиеленуде. Ұлттық музыка өнерін көп­шілікке дәріптеп жүрген қос оқушы бола­шағынан зор үміт күттіреді. «Бабалар рухы үн қатты» байқауында қобызшылар күйші Құрманғазы Сағырбайұлының «Саран­жап» шығармасын орындады. Негізінен, шығар­машылық байқаудың бас жүлдесін Мерей Бақытбек жеңіп алды. Ал Лаура Мұратова жүл­делі І орынды иеленді. Қос қобызшыға арнайы диплом мен медаль табысталды.

 – Өнер мектебінің әрбір шәкірті кез келген байқауға жоғары дайындықпен барады. Бұл ретте, аудандық өнер мектебінің қобыз сыныбы жетекшісі, білікті ұстаз Сәрсенкүл Түгелбаеваның еңбегі зор. Өнерпаз байқауға қатысу арқылы жоғары, жан-жақты тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады. Сонымен бірге шығармашылыққа бейім оқу­шы­лардың күйді орындау барысын бақылап, барынша зерделей білгені жақсы. Болашақта біздің өнерпаздарды көптеген байқауларға қатыс­тыру, өнерлерін жұртшылыққа таныту жос­парда бар, – деді аудандық өнер мектебінің дирек­торы Марат Сәдуақас.

Өз кезегінде шығармашылық байқаудың жеңімпаз өрендеріне шығармашылық сәт­тілік тілейміз!


Балтабай ОРДАБЕКОВ
21 қаңтар 2023 ж. 399 0