Сырдариямен сырласу
Республика күні мерекесіне орай ауданның қоғамдық-саяси, рухани-мәдени дамуына өзінің сүбелі үлесін қосып, жемісті еңбек етіп келе жатқан ақын Мамыр Байдәулетов «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» атағының иегері атанды. Ауданға қарасты Ақжарма ауылының тумасы Мамыр Бәйментайұлының бұған дейін бірнеше тарихи-танымдық кітап жазғаны және өлең өлкесінде жақсы қырынан танылып келе жатқан ақындарды тәрбиелегені көпшілікке мәлім. Аудандық газеттің бүгінгі нөмеріне ақынның «Сырдариямен сырласу» атты жүректен шыққан өлеңін ұсынуды жөн көрдік.
Арнасы кең асылым, дариям-ай...
Жағалауың жайлы еді, жанұядай.
Иір құмың қалыпты ирелеңдеп,
Төсегінде бүктелген қариядай.
Кімнен, қалай, не себеп мына халің,
Сен мұңайсаң қалайша жұбатамын.
Етегіңде еріксіз толқып тұрмын,
Толқыныңды өйткені ұнатамын.
Таңғы шығын тауысқан тағдырлардай,
Бала бейнең қалыпты балдырғандай.
Таңдайыңа Тәңірден тамшы су жоқ,
Тапасына жабысқан тандыр нандай.
Мұңға айналып дейсің бе, мұнартамын,
Тағдырыңа қалайша кінә артамын.
Сақтар келіп шомылып шалқарыңа,
Жуып еді бұрымын Тұмар ханым.
Кезенесі кеберсіп жапан далам,
Шежірем жоқ сен үшін қопармаған.
Жердің жүзін жаулаған Ескендір де,
Толқыныңа тұншығып өте алмаған.
Табалаған тарихтың таңбасы ма,
Бұдан өткен қасірет бар ма, сірә.
Кирдің басы домалап ыспа құмнан,
Кептетіліп қалды ма арнасына.
Тау түгілі шамаң жоқ, құм бұзарға,
Шылау, қоғаң үн қосып мұңды зарға,
Тянь-Шанды көтеріп келу үшін,
Толағайды көрінен тұрғызам ба?!
Арашашы бола алмай ақының да,
Кемшін қалып жатырмыз батыр ұлға.
Арын таза сақтаған ару қыздан,
Бір Толағай туар ма жатырында.
Асау толқын, өр ағыс, сан құбылмай,
Қалай тыныш жатарсың, жарды ұрмай.
Қайырлаған, қаңсыған, құм жиегің,
Қатпар-қатпар қазақтың тағдырындай.
Қап-қара боп Аралға құлай барған,
Құдыретің баяғы былай қалған.
«Неге ақпайды мөлдіреп?» деп ойлаушы ем,
Пешенеңнің соры екен ылайланған.
Қайра-а-ан, кәрі дариям, қимасым-ай...
Шегенделген шер, налаң миға сыймай.
Өксіп шыққан өлеңнің тамшыларын,
Амалым жоқ арнаңа құймасыма-ай.
Жағалауың жайлы еді, жанұядай.
Иір құмың қалыпты ирелеңдеп,
Төсегінде бүктелген қариядай.
Кімнен, қалай, не себеп мына халің,
Сен мұңайсаң қалайша жұбатамын.
Етегіңде еріксіз толқып тұрмын,
Толқыныңды өйткені ұнатамын.
Таңғы шығын тауысқан тағдырлардай,
Бала бейнең қалыпты балдырғандай.
Таңдайыңа Тәңірден тамшы су жоқ,
Тапасына жабысқан тандыр нандай.
Мұңға айналып дейсің бе, мұнартамын,
Тағдырыңа қалайша кінә артамын.
Сақтар келіп шомылып шалқарыңа,
Жуып еді бұрымын Тұмар ханым.
Кезенесі кеберсіп жапан далам,
Шежірем жоқ сен үшін қопармаған.
Жердің жүзін жаулаған Ескендір де,
Толқыныңа тұншығып өте алмаған.
Табалаған тарихтың таңбасы ма,
Бұдан өткен қасірет бар ма, сірә.
Кирдің басы домалап ыспа құмнан,
Кептетіліп қалды ма арнасына.
Тау түгілі шамаң жоқ, құм бұзарға,
Шылау, қоғаң үн қосып мұңды зарға,
Тянь-Шанды көтеріп келу үшін,
Толағайды көрінен тұрғызам ба?!
Арашашы бола алмай ақының да,
Кемшін қалып жатырмыз батыр ұлға.
Арын таза сақтаған ару қыздан,
Бір Толағай туар ма жатырында.
Асау толқын, өр ағыс, сан құбылмай,
Қалай тыныш жатарсың, жарды ұрмай.
Қайырлаған, қаңсыған, құм жиегің,
Қатпар-қатпар қазақтың тағдырындай.
Қап-қара боп Аралға құлай барған,
Құдыретің баяғы былай қалған.
«Неге ақпайды мөлдіреп?» деп ойлаушы ем,
Пешенеңнің соры екен ылайланған.
Қайра-а-ан, кәрі дариям, қимасым-ай...
Шегенделген шер, налаң миға сыймай.
Өксіп шыққан өлеңнің тамшыларын,
Амалым жоқ арнаңа құймасыма-ай.
Мамыр БАЙДӘУЛЕТОВ,
ақын,
«Сырдария ауданының
Құрметті азаматы»
ақын,
«Сырдария ауданының
Құрметті азаматы»