LRT жолаушы тасымалдауға дайын
22 шақырымдық желі, 18 станса және жүргізушісіз вагон - Астанада көптен күткен LRT ресми ашылуға дайын. Астанада көптен күткен LRT осы демалыста ресми түрде іске қосылады. Ал оған дейін елордалық журналистер мен блогерлер жаңа көлік жүйесін алғашқылардың бірі болып сынап көрді. Қала тұрғындары жылдар бойы сыртынан бақылап жүрген алып эстакаданың үстімен бұл жолы расымен пойыз жүрді. CTS ұйымдастырған баспасөз турында BAQ.KZ журналистері стансаларды аралап, пилотсыз құрамдарға мініп, билет алу жүйесін көріп, болашақта астаналықтар мен қала қонақтарының қалай қатынайтынын өз көздерімен көрді.LRT желісінің ұзындығы - 22,4 шақырым. Бағыт Астананың ең ірі әрі адам көп жүретін жерлерін байланыстырады.
Пойыздар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап, Қабанбай батыр даңғылы, «Mega Silk Way», Ботаникалық бақ, «Абу Даби Плаза», Министрліктер үйі, Ұлттық музей, «Нұрлы жол» вокзалына дейін қатынайды.
1. FacePay: Бет биометриясы арқылы төлеу.
2. Банк картасы: Visa немесе MasterCard карталарын қолдануға болады.
3. Apple Pay және Samsung Pay: Смартфон немесе смартсағатпен төлем жасауға болады.
4. QR-код: Kaspi немесе Halyk қосымшалары арқылы.
5. LRT көлік картасы: Арнайы көлік картасының бағасы - 1000 теңге.
6. Бір реттік билет: Кассадан немесе автоматтан сатып алынады.
LRT стансалары кәдімгі автобус аялдамасына мүлде ұқсамайды. Көп жерде панорамалық әйнек, автоматты турникеттер, эскалаторлар, лифтілер, үлкен күту залдары орнатылған.




CTS басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев соңғы жылдары қоғамда жиі талқыланған мәселелерге де тоқталды.


Өткен қыста сынақ режимінде қар арнайы тазартылмаған. Биыл арнайы техника қолданылады.

Қазір жүйеде 1000-нан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде пойыз операторлары, диспетчерлер, техникалық мамандар бар. 500-ге жуық қызметкер арнайы оқудан өткен.


CTS мәліметінше, бүгінде тестілік сынақтар толық аяқталған. Сынақ барысында рельстер, байланыс желісі, қауіпсіздік жүйелері, апаттық сценарийлер, стансалар мен құрамдар тексерілген.

Осылайша, Астанада жылдар бойы ең көп талқыланған жобалардың бірі жаңа кезеңге өтті. Осы демалыстан бастап қала тұрғындары алғаш рет аспан үстімен жүретін пилотсыз пойызға мінеді.

Сондай-ақ, LRT жолақысы 200 теңге болатынын, ал кімдер тегін жүру мүмкіндігіне ие екені жайлы жаздық.










