Қала күніне арналған гала-концертті 12 мың тұрғын тамашалады

Кітап фестивалі, поэзия кеші қызылордалықтарға рухани серпіліс әкелсе, «Жастық шағымның куәсі Қызылорда» ретро әндер фестивалі мерекенің көркін қыздыра түсті. Ал, тұңғыш рет ұлттық спортты ұлықтаған «Бала барысы - 2022» ауқымды шарасы көрермен көңілінен шықты.
Бүгін мерейтой ауқымды гала-концертпен қорытындыланды. "Бірлік пен бақыт арнасы, қазақтың Қызылордасы" атауында өткен іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.

Жылнамасында талай тарих қатталып, қос ғасырды өткерген Алаштың алғашқы астанасы Қызылорда руханият алыптарының ізі қалған, түрлі ізгіліктерді топтастырған қасиетті мекен, шырайлы шаһар.
Балалар жылына тарту ретінде демеушілердің қолдауымен құны 1,6 млрд.теңгені құрайтын 80 ойын алаңы салынуда. Мерейтой мезіретінде бір мезетте 17 ойын алаңы пайдалануға беріледі.

толықтырамыз,-деді Н.Нәлібаев.
12 мыңға жуық көрермен жиылған мерекелік шарада қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары қызылордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі