Қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды
Бүгін қала күні мерекесіне орай облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар нысандардың ашылу рәсіміне қатысып, қала халқын мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды syrboyi.kz.
Қойнауы тағылымды тарихқа толы Алаштың Ақмешіті – Қызылорда қаласының мерейлі мерекесінің салтанатты ашылуы «Қалалық денсаулық және демалыс саябағының» пайдалануға берумен ұштасты.
Мереке күні ел игілігіне берілген бұл саябақ облыс орталағының келбетіне көрік қосқан аллеяның біріне айналмақ. Саябақтың ашылу рәсімінде облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтады.
Саябақты аймақ басшысына таныстырған Нұрлыбек Нәлібаев алдағы уақытта кәсіпкерлерді ұйымдастырып, ойын аттракциондарын орнатып, бұл аллея спорттық, патриоттық іс-шаралар өткізетін орынға айналатынын жеткізді.
Айта кетейік, 35 гектар аумаққа орналасқан аллеяда веложол, 6 спорттық ойын алаңы, аяқ су каналы, түнгі жарық шамдары барлығы үйлесімді орналасқан. Сонымен қатар 20 717 көшет пен, 61 мыңға жуық гүлдер егіліп, 10 450 шаршы метр аумақ абаттандырылған.