Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ең үздік балалар рөлі

Ең үздік балалар рөлі

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың “2022 жыл-Балалар жылы” деп жариялауына орай Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Іңкәрдария ауылдық округі әкімі аппаратының қолдауымен, Іңкәрдария ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен “Ең үздік балалар рөлі” атты балаларға арналған қазақ фильмдерден үзінді сомдау аудандық байқауы болып өтті.

Аудандық байқаудың мақсаты: өнерлі өнерпаздардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, талантты бүлдіршіндерді үлкен сахнаға машықтануына ықпал жасау, қазақ фильмдерінің оның ішінде балаларға арналған фильмдерді дәріптеу, жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар байқау екі кезеңнен өткізілді. Бірінші кезеңде өнерпаздар балаларға арналған фильмдерден үзінді сомдаса, екінші кезеңде балалар өз өнерлерін ортаға салды.

Әділқазы алқаларының шешімі бойынша бас жүлдені Айдарлы ауылынан келген Серікбай Жақсыгелді еншіледі. Ал бірінші орынды Бесарық ауылынан келген Әбдіғалиұлы Мағжан иеленсе, екінші орынды Ақжармалық Өмірбек Тұмарлан жеңіп алды. Үшінші орынды Іңкәрдариялық Әбілжаппар Азамат пен Бесарық ауылынан келген ең кішкентай өнерпаз Сәбит Шұғыла иеленді. Қалған қатысушылар  Алғыс хат  пен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Өнерлі өнерпаздарымызға алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыруды тілейміз.
04 тамыз 2022 ж. 562 0