Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі аудандық байқауы өтті

Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі аудандық байқауы өтті

Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің дәстүрлі аудандық байқауы өткізілді.

Ауданға қарасты елді мекеннен келген көркемсөз оқу шеберлері үш кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар Оралхан Бөкейдің және қазақтың белгілі ақын-жазушыларының прозалық, драммалық шығармаларынан, өлеңдерінен үзінді оқыды.

Байқау нәтижесінде, бас жүлдені А.Тоқмағанбетов ауылынан Ә.Сансызбаева, І орынды Н.Ілиясов ауылынан Қ.Сүйінбек, ІІ орынды Шіркейлі ауылынан З.Қуаныш, ІІІ орынды Бесарық ауылынан А.Әлібекқызы иеленді. Іңкәрдария ауылынан М.Бисенбай арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Іс-шара соңында Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жеңіс Төрәлиев байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерге арнайы «Диплом»  мен бағалы сыйлық табыстады.
03 маусым 2022 ж. 483 0