Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Дана ақынның өлеңдері оқылды

Дана ақынның өлеңдері оқылды

Аудандық кітапханада қазақ­тың ойшылы, дана ақын Абай Құнанбай­ұлының шығарма­шы­лы­­ғын наси­­хаттау мақсатын­да аудандық мә­­де­ниет және тіл­дер­ді дамыту бө­лімінің ұйымдас­ты­руымен «Өлең – сөздің патшасы» тақырыбында Абай оқу­ла­­ры өткізілді. Байқауға бі­лім ошақ­тарынан келген дарынды оқушы­лар қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттың бас ақыны Абай Құнан­бай­ұлының шығармашылығын кеңі­нен дәріптеу, жастарды ұлттық құн­дылықтарға баулу, ағарту­шы­ның рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту. Дана ақын өлеңдерін жатқа біле­тін­дер оқушылардың адамгершілік, қа­рапайым­дылық, имандылық секілді адами қа­сиет­терді бойына сіңіретіні анық.

Сөз шеберлерінің сайысында ау­­дандық мәде­ниет және тілдерді да­мыту бөлімінің басшысы Жеңіс Төрәлиев сөз алып, жарысқа қаты­сушыларға сәттілік тіледі.

– Ауданымызда дәстүрлі түрде жыл сайын Абай оқу­лары өткізіліп тұрады. Дана ойшылдың шығар­малары әрбір адамның санасына сәу­ле құяды. Негізінен, хәкім рухани, адами, ізгілікті қасиеттерді көп­шіліктің бойынан табылғанын қалады. Ілім мен білімнің негізін қалай білген дара тұлғаның шығар­маларын мәнерлеп оқуда мектеп оқу­шылары бір-бірінен оқ бойы озып шығады деп сенемін, – деді бөлім басшысы.
Ақын өлеңдері мен шығармала­рын мәнерлеп оқыған мек­теп оқу­шылары өзара мықтыны анық­тады. Атап айтқанда, әділ қазылар­дың шеші­мімен бас жүлдені Әділет Жұма­бек, жүлделі І орынды Зехре Қуаныш, ІІ орынды Алина Нұртай­қызы, ІІІ орынды Ақгүл Уәлибекова иеленді.

Барлық жеңімпаз бен жүл­де­герге арнайы дип­лом мен бағалы сый­лық тапсырылды.



Балтабай ОРДАБЕКОВ
04 мамыр 2022 ж. 441 0