Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АБАЙ ӘЛЕМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚҰНДЫ?

АБАЙ ӘЛЕМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚҰНДЫ?

Жыл басында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына қажетті іс-шаралар әзірлеуді тапсырғанынан бұқара халық жақсы хабардар. Мерейтойды ең жоғары деңгейде өткізудегі негізгі мақсат – дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу.
«Ұлы Абайдың мұрасы «Рухани жаңғырудың» маңызды бағдарына айналуы қажет. Алдағы жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толады. Осы айтулы датаны біз тұтас ел болып, мемлекеттік деңгейде атап өтеміз. Біз үшін бұл мерейтойдың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек», – деді Президент.
Мерейтой аясында Абай өлеңдерін оқу эстафетасы басталып, оны тоғыз жасар оқушы қыз ел Президентіне жолдаған болатын. Эстафетаны қабылдап, қолдау білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев А.Құнанбаевтың өлеңінен үзінді оқыды. Мұнан әрі жалғасқан эстафета тізгінін Білім және ғылым министрі, Мәдениет және спорт министрі, әнші Димаш Құдайберген алды. Осындай игі шара дәстүрге айналып, Абай мұраларын дәріптеу барлық өңірлерде жалғасын тапты десек артық айтқандық болмас. Әсіресе, республикаға Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін әндетіп айтқан жерлесіміз, әнші Константин Луцаның өнеріне Елбасы Н.Назарбаевтың өзі ризашылығын білдірген болатын. Өзге ұлт өкілі дара тұлғаның әндерін өз репертуарының маңызды бөлшегі ретінде санайтыны – ұлттық құндылықтың шынайы көрінісі.
«Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық. Дүниежүзі әдебиетінде Абай сияқты ақын, ағартушы, ойшыл, сыншы кемде-кем. Абай, шын мәнінде, қазақтың біртуар перзенті», - деген Мемлекет басшысы ұлы ақынның кемеңгерлігін ерекше атап өткен болатын.

Б.ЖАНӘЛІ
17 тамыз 2019 ж. 1 100 0