Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мүшәйрада кім бас жүлде алды?

Мүшәйрада кім бас жүлде алды?

Дарынды ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына орай аудандық жазба ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды. Бұл жолғы жыр бәйгесін Шаған ауылдық мәдениет үйі өткізді.

Мүшәйра талаптарына сәйкес жас ақындар М.Мақатаевтың құр­­­­метіне жазылған арнау өлең ұсын­ды. Қазылар алқасы келіп түскен шығармаларды талқылап, жеңімпаздарды анықтады.

– Мүшәйра жас ақындарды ын­та­ландыратын, олардың қалып­та­суына жол ашатын бірден-бір іс-шара. Шаған ауылында жыр мү­шәйралары тұрақты түр­де ұйымдастырылып келеді. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен соңғы кезде онлайн форматта өткізуді дәстүрге енгіздік. Бұл жолғы мүшәйра талантты ақын М.Мақатаевтың 90 жылығына арналды. Қазылар алқасы шығар­маларды сараптай келе жас та­ланттардың қалыптасып келе жат­­­қанын мәлімдеді. Яғни, біз таланттарға дем беру арқылы нақты нәтижеге жеттік. Алдағы уақытта да осы тектес іс-шара­ларды өткізетін боламыз, – дейді Шаған ауылдық мәдениет үйінің директоры Ербол Медет.

Атап өту керек, аудандық мү­шәйраның бас жүлдесі шіркейлілік жас ақын Б.Опабековке бұйырды. Ол аз шумаққа көп мағына сыйдырып, өзге талапкерлерге ұқ­са­майтын қолтаңбасымен таныл­ды. Жүлделі бірінші орын жетікөлдік Қ.Көзейбайға бұйырса, екінші орынмен Шаған ауылының ақыны А.Балманова марапатталды. Қа­зы­лар алқасының шеші­мімен екі ақынға үшінші орын берілді. Олар­дың қатарында қоға­лы­көлдік Д.Қырдан мен іңкәр­дариялық М.Сағын­дықова бар. Қалған қатысу­шылар арнайы ал­ғыс хаттармен марапатталды. Жеңім­паздарға қаржылай сыйақы табыс­талды. Осылайша «Үш бақытым» атты аудандық мүшәйра жоғары деңгейде қорытындыланды.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 


10 наурыз 2021 ж. 655 0