Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Жыр жампозы

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауы­мен Ақжарма ауылы әкімдігі мен ауылдық мәдениет үйінің ұйым­дастыруымен жазба ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйра жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық айтулы мерейтойына орай ұйым­дастырылды.

Аудандық мүшәйраға 35 пен 50 жас ара­лығындағы ақындар қатысты. Ереже талабы алдын ала бекітіліп, елді мекендердегі мәдениет үйлері мен клубтар арқылы таратылды. Бұл жолғы жыр бәйгесіне кент және ауылдық округтерден барлығы 12 ақын қа­тысты. Талапкерлердің туындысын бағалау ақын, Қазақстанның Құрметті журналисі Мұхтар Сақтапов, аудандық газеттің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлына жүктелді.

Қазылар алқасы ақындардың өлеңіндегі мағынаға, мән мен ойға, буын саны мен ұйқасына мән берді. Сондай-ақ тақырыпты ашуы­на, Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын зерт­теуіне баса назар аударды. Нәтижесінде, аудандық мәдениет үйінің атынан қатысқан Б.Есназар бас жүлдеге лайықты деп танылды. Ал жүлделі бірінші орын ақжармалық А.Темірхановқа бұйырса, екінші орын Қалжан ахун ауылының ақыны С.Жұмаділге берілді. Үшінші орынды шіркейлілік М.Әбсадықов пен жетікөлдік Қ.Көзейбай еншіледі. Қалған қатысушыларға «Ал­ғыс хат» пен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 

02 наурыз 2021 ж. 960 0