Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Люксембургте қазақстандық фильм көрсетілуде

Люксембургте қазақстандық фильм көрсетілуде

Қазір Люксембургте қазақстандық киноның көрсетілімі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Люксембургтің «Кинеполис Кирхберг» кинотеатрында 19-21 ақпан аралығында режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» фильмі көрсетіліп жатыр.

Фильм қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасын баяндайды.

Бозбала Кермек түрмеден шыққаннан кейін туған қаласына оралады. Ол онда бәрі қатты өзгергенін көреді, қаланы өзінің қатал ережелерін орнатқан қылмыстық топ басқарады.

Оның сүйікті қызы Ева осы адамдардың қысымымен мүлдем жоғалып, адасып кетеді, ал Кермек өзі қылмысқа белшесінен батқан...

«Кинотеатр өкілі бізді құттықтады. Көрсетілім жергілікті көрермендердің қызығушылығын оятты. Барлық билеттер сатылды. Келгендердің барлығына рахмет және көрсетілімнен кейін фильм туралы әсерін бөліскен жанарға алғысымызды айтамыз», - дейді Қазақстан-Люксембург достық ұйымының белсендісі Нұргүл Тұрсын.
21 ақпан 2021 ж. 384 0