Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жаңа үйірме жұмыс жасауда

Жаңа үйірме жұмыс жасауда

Ақжармадағы мәдениет үйінің іргесі 1976 жылы қаланған. Сол уақыттан бері ауылдағы қала­берді облыстың мәдени іс-шараларын үздік­сіз ұйымдастырып келеді. Типтік жобада салынған ғимарат кезінде «мәдениет үйі» статусынан айырылып бірнеше жыл ауылдық клуб ретінде жұмыс жасаған. Кейіннен мәдениеттің жанашыр азаматтары бірлесіп, «мәдениет үйі» статусын қайта алады. Тарихқа толы ғимаратта бү­гінге дейін талай өнер адамдарының табаны тиді. Әншілердің шығармашылық кештерімен қатар республикалық, облыстық ақындар айтысын өткізіп келеді.

– Бүгінде біздің мекемеде 7 қызметкер еңбек етуде. Олар негізгі бес үйірме бойынша жұмыс жасайды. Атап өту керек, биыл мәдениет үйі жанынан жаңа «домбыра-терме» үйірмесі ашылды. Ауданға қарай жолым түсіп бара жатсам, алдымнан домбырасын арқалаған екі оқушы шықты. Олар Шағандағы әуез мектебінің домбыра класына қатысады екен. Кейін біздің ауылда осы аспапты жақсы білетін, оны балаға үйрете алатын адам бар болар деп, үйірме ашуға кірістім. Қазір бір қызметкер штаттан тыс жұмыс жасау­да. Ата-аналар да ризашылығын білдіруде. Ауылымыз заңғар ақын Замаддин ақын шыққан өлке. Сондықтан әрбір үйдің баласы қасиетті домбырада ойнай білуі керек, – дейді мәдениет үйінің директоры Айтмағанбет Темірханов.

Биыл мәдениет үйінің қызметкерлері 30-дан аса байқауға қатысып, жүлделі орындармен оралды. Мәдени қызметкерлер Н.Төребеков, Г.Босатханова мен «домбыра-терме» үйірмесінің жетекшісі Г.Сарыбаевалар 73 оқушыны түрлі бағыттағы өнердің түрлерімен сусындатып келе­ді. Жаңадан ашылған «домбыра-терме» үйірмесіне қызығушылар да көп. Былтырғы жыл­дың қорытындысымен мәдениет ошағы жыл­дың ең үздік мекемесі атанды. Бұл ұжым қыз­меткерлерінің жыл бойы еткен еңбегінің арқасы.

Майя ҚОЖАБАЙ
05 желтоқсан 2020 ж. 642 0