Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ақындар ауыл тарихын жырға қосты

Ақындар ауыл тарихын жырға қосты

Жақында С.Сейфуллин ауылының 45 жыл­дығына орай «Тамыры терең туған жер» тақырыбында облыстық жазба ақындар мү­шәй­расы өтті. Жыр бәйгесі ауыл әкімдігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен онлайн форматта ұйым­дастырылды.

Мүшәйраға Қызылорда қаласы мен аудандардан барлығы 13 талапкер ақын қатысып, өз шығармаларын ұсынды. Ар­дагер-журналист Ш.Нұрсейітов, ай­тыс­кер-ақын Н.Мансұров, аудандық мәде­ниет үйінің аға әдіскері Г.Сәрсенбаева ақын­дардың өлеңдерін талдап, таразы­лап, жеңімпаздарды анықтады. Нәти­жесінде, екі кезең бойынша талаптарға сай келетін өлеңдер іріктелді. Бас жүл­дені қызылордалық Ж.Бақытәлі иелен­се, жүлделі І орын тереңөзектік А.Ибра­гимұлына бұйырды. Екінші орынды сырдариялық М.Ман­сұров пен шиелілік Б.Ержігіт иемденсе, үшінші орынға С.Сей­фуллин ауылының тумасы Б.Айтбаев пен қазалылық Б.Қаһар лайықты деп танылды. Жеңім­паздарға қаржылай сыйлықтар мен Алғыс хат берілді.

«Тт-ақпарат»

21 қараша 2020 ж. 869 0