Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Тіл болашағы – балабақшадан

Тіл болашағы – балабақшадан

Адам өмірі үшін ана тілдің маңызы ерекше. Бұл орайда мемлекеттік тілдің болаша­ғы балабақшадан басталатыны көпке мәлім. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен жақында «Тіл болашағы – балабақшадан» атты аудандық онлайн байқау өткізілді.

Аталған байқауға кент пен ауылдарда орналасқан балабақшалардан 16 бүлдіршін қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Оның біріншісі «Мен сүйікті балақан» атты өзін таныстыру кезеңі болса, екіншісі «Ана тілің арың бұл» атты тілге байланысты өлең, тақпақ оқу сайысы болды.


Бүлдіршіндердің өнерін бағала­ған қа­­­­зылар алқасы сайысқа қатысу­шы­лардың сөзді анық айта білуіне, өлең оқу мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына назар аударды. Сондай-ақ бай­қауды ұйымдастырушылар тіл туралы өлең, тақпақ оқыған бүлдіршіндерді ынталандыруға да зор ықылас танытты.


Сайыс қорытындысында «Айгүл» балабақшасының тәрбиеленушісі Сезім Жеңісбек өнерімен өрге жүзіп, бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орынды «Шаттық» бөбекжай балабақшасынан Нұрсезім Жаңбырбай мен «Айгөлек» бөбекжай балабақшасынан Әлихан Серік­ұлы өзара бөлісті. ІІ орынды «Бөбекжай» балабақшасынан Шұғыла Сәбит, «Гүлдер» балабақшасынан Айша Оралбай және «Алтын сақа» бала­бақшасынан Айшуақ Сақыпжанқызы иеленді. Жүлделі ІІІ орынға 4 бүл­діршін лайық деп танылды. Олар «Қарлығаш бөбек» балабақшасынан Нағи Абылайұлы, «Балдәурен» бөбекжай балабақшасынан Мерейлім Әлиасқар, «Нұр-сәби» бала­бақша­сынан Нұржан Серікбай және «Нұрбақыт» бала­бақшасынан Дильназ Жанар­бек­қызы.

Байқау бүлдіршіндердің ана тілге деген құрметі зор екенін көрсетті.
31 қазан 2020 ж. 666 0