Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «ДОСТЫҚ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ»

«ДОСТЫҚ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ»


Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа баулу. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең-сөз құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатындааудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменағымдағы жылдың 21 мамыры күні аудандық «Достық үйінде» мектеп оқушылары арасында «Достық  - ең басты байлық» атты жас ақындар мүшайрасы болып өтті. Мүшайраға аудан орталығындағы төрт мектептен 11 оқушы қатысты.     

Сайыс екі тур бойынша өтті, біріншісі – ұлтаралық достық жайында «Достық -ең басты байлық» тақырыбында, екінші еркін тақырып бойынша өз жанынан шығарған өлеңдерін оқыды. Ақындардың мына ерекшеліктеріне назар аударылды: сөз қолданысына, өлеңнің мазмұны мен тереңдігіне; өлең ұйқасына, көркемдік ерекшелігіне, тақырыпты ашу сипатына.
Әділ қазылар алқасының шешімімен сайыс жеңімпаздары жүлделі 1 орынды Нұрланова Инабат, 2 орынды Сейтжанұлы Азамат және 3 орынды Жарболова Зарина мен Дүйсенғалиева Інжу жеңіп алды. Сайыс соңында барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Г.ӘЛЖАНОВА
25 мамыр 2018 ж. 2 234 0