«Әділет» партиясы ардагерлердің еңбегін ұлықтамақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен, үлгі болған адамдар қашан да құрметті, сыйлы болуы керек», – деген болатын. Осы ұлағатты ұстанымды негізге алған «Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалы «Елге қызмет» жобасын жүзеге асыруды бастады.Жобаның басты мақсаты – саналы ғұмырын ел игілігіне арнап, адал еңбегімен қоғамның құрметіне бөленген, бүгінде ардагерлік кезеңге абыроймен жеткен азаматтардың өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету. Сондай-ақ олардың еңбек тәжірибесін, өмірлік ұстанымдарын және ел дамуына қосқан үлесін кеңінен насихаттау көзделген.
– Елге қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қасиетті міндет. Ал осы жолда абырой биігінен көрінген ардагерлердің өнегелі өмірі – жас ұрпақ үшін тағылымды тәрбие мектебі. Біз «Елге қызмет» жобасы аясында ауданымыздың дамуына үлес қосқан ардақты азаматтармен сұхбаттар ұйымдастырып, олардың өмір жолы мен еңбек белестері көпшілік назарына ұсынуды жоспарлап отырмыз. Өйткені елге қызмет ету – тек еңбек ету емес, ол Отанға деген адалдықтың, жауапкершілік пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Ал, адал еңбекті бағалау, дәріптеу – біздің ортақ міндетіміз. Бұл бастама «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасына сай келеді, – дейді «Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы.
Айта кету керек, «Әділет» партиясы Сырдария аудандық филиалының «Елге қызмет» жобасының ең алғашқы қонағы – мемлекеттік қызмет саласының ардагері, «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері Серік Нұртазаевпен 2026 жылғы 19 қазан күні сағат 10.00-де партияның аудандық филиалында кездесу өткізілді.









