Ауылдағы өнерлі өрендер
Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Аманкелді ауылында мәдениет саласының жұмысын ілгерілету жақсы жолға қойылған. Бүгінде ауылдық мәдениет үйінің жанынан тұрақты жеті үйірме жұмыс жасап, талантты өнерпаздар биік белестерді бағындыруда. Ұлт мәдениетінің мызғымас бөлшегіне айналған өнерпаз жастар бүгінде толағай табыстарға жетіп жүр. Талантты өрендер ауылдың ғана емес аудан мерейін асқақтатуда.
Әлемдік пандемияның салдарынан кейбір өнер байқауларының тұралап қалғаны рас. Дегенмен, осы күні көпшілік мәдени шаралар түрлі форматта ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін музыкалық додаларда бақ сынап жүрген аманкелділік жас өрендер халықаралық байқаулардан топ жарды. Айта кету керек, талантты өнерпаз Жанерке Науан Болгария елінің Китен қаласында өткізілген Халықаралық «Яркие таланты лета» онлайн байқауынан «Гран при» жеңіп алды. Аталмыш байқауда өнер көрсеткен ауылдасы Батыржан Аманкелдиев І орын иегері атанды.
Аудан абыройын асқақтатқан Жанерке Науан араға бірнеше күн салып, халықаралық «Алаш өнер ордасының» ұйымдастыруымен өткен халықаралық онлайн байқауына қатысқан болатын. Болашағынан зор үміт күттіретін жас өрен кіл мықтылар ішінен суырылып шығып, «Бас жүлдені» жеңіп алды. Оның айрықша қабілетін әділ қазылар алқасы жоғары бағалады.
Ал өнерлі жас амангелділік Сәулет Қайып Украина елінде ұйымдастырылған «Күздің жарқын талантары» халықаралық онлайн байқауында «Вокалдық өнер» номинациясы бойынша І орынды жеңіп алды. Талапты әнші байқау барысында халық әні «Дайдидауды» шырқады. Осы байқауда Қайбулла Ерсұлтанұлы өнері жақсы бағаланып, І орын жүлдегері әрі лауреаты атанды.
Үш мыңға жуық халқы бар Аманкелді ауылының өнерпаздары жыл көлемінде бірнеше байқаудың жеңімпазы атанды. Ауылдық мәдениет үйінің директоры Ж.Оразов бастаған сала мамандары түрлі деңгейдегі байқауларда бақ сынау үшін шәкірттерін шыңдау үстінде. Сырдария ауданының өзге елде атын шығарған өнерпаздары алдағы уақытта жеңімпаздар қатарынан көрінуге ниетті. Ендеше ауыл өнерпаздары биік белестерді бағындыра берсін демекпіз.

Балтабай ОРДАБЕКОВ