Орталық кітапханадағы арнайы көрме

Оқырмандарға мекеме басшысы Г.Нұржакиева қазақтың көркем ойы мен өлеңінің реформаторы, жаңа замандағы жазба әдебиетінің жол ашушысы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып, ақынның өнегелі өмір жолымен, құлақтан кіріп бойды алған тамаша лирикасымен, ғибратқа толы қара сөздерімен, орыс әдебиетіндегі орны жайлы, қазақ зиялыларының ғұлама туралы жазған жүрек жарды лебіздеріне тоқталды. Сонымен қатарұлы ақынның еңбектері жыл бойына кезең-кезеңімен халық назарына ұсынылып, түрлі мәдени шаралар арқылы кеңінен насихатталатынын айтты.
"ТТ" ақпарат