Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға

Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға

Жақында Сырдария аудандық орталық кітапханада қазақтың көрнекті жазушысы Б.Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетіндегі дара тұлға» тақырыбындаәдеби-портрет кеші өткізілді. Мәдени шарада көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер жөнінде кеңінен айтылды.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері Д.Пазылбекова Қ.Әмірғазиннің Б.Майлинге "Арнау" өлеңін оқыды. Ал С.Сейтен және Г.Әбенова "Ыбыраймысыз, Ыбыраймыз" қойылымын сахналады. Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары Е.Өскінбаева жазушының "Құбақан" өлеңін, Б.Алмасұлы "Кедейлер" өлеңін жатқа оқыды. Кітапханашы М.Әлиева "Терең тамырлы тұлға" атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

«ТТ»-ақпарат
07 қараша 2019 ж. 794 0