Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » БАРШАҒА ҮЛГІ АНАЛАР

БАРШАҒА ҮЛГІ АНАЛАР


Жақында Шіркейлі ауылдық мәдениет үйінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: ру­ хани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Ән бесік тербеткен - Ана» атты бесік жырын орындаушылар арасында байқау өтті.
Сайыста ақ жаулықты аналар «Тегін білу тектілік»,«Өнер ағып жатқан бұлақ», «Әлди, әлди бөпешім», «Батамды саған берейін», «Өнер көрсету» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Өнегеге толы жарыста Гүлбаршын Қоразова немересі Бота Мұратқызымен, Шолпан Әбдіманова немересі Хамзат Сауранбаймен, Ұзақкүл Ережепова немересі Аяулым Абдуллақызымен, Күлшат Бора­нова немересі Ернұр Исаәділмен, Гүлжауһар Есен­ хожаева немересі Айкөркем Жаңғабылқызымен қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Ұлттық тәрбиені келешек ұрпаққа жеткізе білген аналар әрқашан құрметке ие. Әр кезең бойынша өнегесі мол тәлімін жеткізген қатысушылар жан-жақты дайын­ дықтарымен көзге түсті. Руханиятымыздың жаңа сипатын жарыққа шығарған аналар өнері баршаға үлгі.
Байқау қорытындысы бойынша Шолпан Әбдіманова бас жүлдеге ие бо­ лып, көрермен қошеметіне бөленді.
10 ақпан 2018 ж. 1 895 0