Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кітапханадағы интеллектуалды сайыс

Кітапханадағы интеллектуалды сайыс

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Тарих өткенге сабақ – келешекке өнеге» атты қызықты интеллектуалды сайыс өтті.

Өз белсенділіктерін ең алғаш «Сәлемдесу» бөлімінде-ақ көрсеткен сайыскерлер №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей мен №210 О.Әбілпаттаев атындағы мектептің оқушылары өз топтарына неліктен "Мәңгілік Ел» және «Яксарт» деп ат қойғандарын нақты түсіндіре отырып, өздерінің алға қойған мақсаттарын өлең жолдарымен жеткізді.

Келесі кезекте «Кім жылдам», «Қасиетті жетілік», «Көкпар» бөлімдерінде топ мүшелері көптеген сұрақтарға бір-бірімен ақылдаса отырып, дұрыс жауаптарын тауып отырды. Ал кейбір сұрақтардың жауабын ойын барысында біліп, алдағы уақытта есте сақтайтындықтарын жеткізді.

Мәдени шара барысында сайыскерлерге жанкүйер болып келгендер арасынан өз өнерлерін көрсетіп, топ мүшелеріне қолдау көрсеткен жастар да болды. Олар Әсел Бәймен домбырамен «Ерке сылқымды» орындаса, Қорқыт бабамыздан мұра болып қалған қобыз аспабында «Қараторғайды» Еңлік Өскінбаева орындап, көрерменнің қошеметіне ие болды.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
06 желтоқсан 2019 ж. 972 0